07 Қыркүйек 2016, 16:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 және «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2) «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасында:
5-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тартылады.»
2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу