Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «06» сәуірдегі № 202 қаулысы

«Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 783 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 783 қаулысына мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия жанындағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының екінші және төртінші бағыттарын іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                     К.Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу