06 Наурыз 2017, 12:15
Қостанай облысының білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысының мынадай білім беру және спорт ұйымдарына:
1) «Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің балалар өнер мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Сералы Қожамқұловтың есімі;
2) Қостанай облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Амангелді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Ералхан Сейкеновтің есімі берілсін.
2. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдары:
1) Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Красный Октябрь орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Қадір Кәрімов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;
2) «Сарыкөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің Сарыкөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Сарыкөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;
3) «Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің № 3 Қарабалық орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Қарабалық ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мұхамеджан Сералин атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;
4) «Таран аудандық «Ұшқын» мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі – «Елубай Өмірзақов атындағы Таран аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу