03 Сәуір 2017, 09:11
Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның 2014 жылғы 23 сәуірдегі, 2014 жылғы 4 қыркүйектегі, 2015 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындылары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2) Сарыағаш қаласының «№ 141 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Толыбай батырдың есімі;
3) Шымкент қаласы білім бөлімінің «№ 87 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Абдраш Назарбековтің есімі;
4) Түркістан қаласы білім бөлімінің «№ 20 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Расул Исетовтің есімі;
5) Мақтаарал ауданы білім бөлімінің «№ 121 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Нәзір Төреқұловтың есімі;
6) Жетісай қаласының «№ 122 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
7) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына – Манап Өтебаевтың есімі;
8) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Түркістан қаласының сазды-драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына – Райымбек Сейтметовтің есімі;
9) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – «Отырар» атауы берілсін.
2. Мынадай білім беру мекемелері:
1) Сайрам ауданы білім бөлімінің «№ 77 Хамза атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам ауданы білім бөлімінің «№ 77 Тұран жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
2) Сайрам ауданы білім бөлімінің «№ 61 Г. Титов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам ауданы білім бөлімінің «Сүйерхан Базарбаев атындағы № 61 негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
3) Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Алғабас» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
4) Отырар ауданы білім бөлімінің «Қарақоңыр шағын жинақты бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Отырар ауданы білім бөлімінің «Әжімұқан Қасымбеков атындағы шағын жинақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
5) Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Құралай» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Байырбек Садықов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
6) Төлеби ауданы білім бөлімінің «Қарақия шағын жинақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Төлеби ауданы білім бөлімінің «Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
7) Сарыағаш ауданы білім бөлімінің «№ 91 М. Горький атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сарыағаш ауданы білім бөлімінің «Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 91 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу