Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 02 сәуірдегі №312 Қаулысы

«Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 83 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 83 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 251-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларында:

4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) қауымдастық құрылтайшыларының:

аңшылық шаруашылығын жүргізу, азаматтарды аңшылық минимумына оқыту бойынша үш жылдан кем емес;

аңшылық минимумы бағдарламасы бойынша әдістемелік әдебиетті әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы қажет.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                             C. Ахметов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу