14 Қараша 2019, 13:15
«Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы №1060 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
P/ c № |
Атауы |
1 |
2 |
|
|
|
|
1. |
«Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы (ҮАААЖ)» автокөлік жолын салу және оны пайдалануға беру |
2. |
Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және оны пайдалануға беру |
3. |
Алматы қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухананы салу және оны пайдалануға беру |
4. |
Қарағанды қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухананы салу және оны пайдалануға беру |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу