Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қазандағы №628 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 – 2021 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – АНК) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін құрайды.

«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚДБ) жобалары ҚДБ-ның өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен ғана қаржыландырылады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. Стратегиялық міндеттер

Стратегиялық міндеттер:

1) өңдеу өнеркәсібінде және АӨК-де өндірісті кеңейту.

2) ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және көрсетілетін қызметтерімен толықтыру.

1-2. Нысаналы индикаторлар

Нысаналы индикаторлар:

1) қарапайым заттар экономикасының тауарлары бойынша импорт үлесін 2022 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ке төмендету.

2) қарапайым заттар экономикасының өнімдерін шығаруды 2022 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ке өсіру.»;

2 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. ЕДБ-ға және АНК-ге қаражат беру шарттары:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өз басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ке дейінгі кірістіліктің қорытынды мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мерзімімен
1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.

ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды сатып алудың ең жоғары лимиті
104 млрд теңгеден аспауға тиіс, АНК-ге облигацияларды сатып алу лимиті
170 млрд теңгеден аспауға тиіс. ЕДБ өз лимиттерін ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.

АКК облигацияларын сатып алудың ең жоғары лимиті 170 млрд теңгеден аспауға тиіс, оның 140 млрд теңгеден аспайтын сомасы агроөнеркәсіптік кешенде өндіруге және өңдеуге жұмсалуға тиіс. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешенде өндіруге және өңдеуге жұмсалатын 70 млрд теңге сомаға АКК облигацияларын сатып алу үшін мемлекеттік кепілдіктің болуы талап етіледі.

ЕДБ-ның және АНК-нің тартылған қаражаты мен өз қаражаты:

1) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу;

2) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру;

3) 400 млрд теңгеге дейін өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға бағытталуға тиіс.

ЕДБ-мен қатар АНК агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеу жөніндегі басым жобаларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. АНК тікелей кредит берумен қатар, кейіннен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру үшін кредиттік серіктестіктерді қорландыруға құқылы.

Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларға кредит беруге
30 млрд теңгеден аспайтын сома жұмсалады.

Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге кемінде 200 млрд теңге жұмсалды. Осы мақсатта әрбір ЕДБ мен АНК ШОБ жобаларын осы басым жобаларға кредит беру тетігінде (бұдан әрі – тетік) белгіленген шарттарда берілген кредиттердің жалпы көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

ЕДБ мен АНК ЖКС жобаларына өз қаражаты есебінен қарыз бере алады, сондай-ақ ЖКС қарыздары үшін қорландыруды қамтамасыз ету не қалпына келтіру үшін облигациялар шығара алады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) қарыздарды тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен береді.

ҚДБ үшін жобаларды қаржыландыру лимиті 200 млрд теңгеден аспайтын болады.

ҚДБ импортқа тәуелділікті азайтуға және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған маңызды жобаларға кредит беруді жүзеге асырады.

Бұл ретте, ҚДБ жобаларына кредит беру Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.

Аванстық қорландыру алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты игеру кезеңі ол ЕДБ мен АНК шотына түскен күннен бастап 12 айдан аспауға тиіс.

Берілген қаражаттың нысаналы мақсаты – қызметін өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын ЖКС-ке инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредит беру. Жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыруға жол беріледі.

Бұл ретте ЕДБ мен АНК айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының
50 %-інен аспайтын мөлшерін жіберуге құқылы. Бұл шектеу ЕДБ мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.»;

6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге: жұмыс орындарын сақтау/ұлғайту және нақты көлем индексі деңгейін сақтау.»;

«8. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-тен аспайтын кредиттерге кепілдік беріледі. Қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кепілдік көлемі:

3 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 50 %-інен;

3 млрд теңгеден асатын 5 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 30 %-інен аспайды.

Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

Кепілдік беру шарттары, тәртібі және тетігі, сондай-ақ осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобалардың мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

Кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және өңдеу бойынша іске асырылатын жобалардың мониторингі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен регламенттеледі.»;

басым жобаларға кредит беру тетігіне қосымша осы қаулыға
1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Бұрын бекітілген «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы және бекітілген «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылғы
26 тамызға дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда әрекет етеді.»;

36-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы
19 наурыздағы №39 қаулысымен бекітілген Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасының қаражаты бойынша субсидиялау айналым қаражатын 100 %-ке толықтыруға бағытталған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8 % кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ін кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Бұл ретте кредит сомасы 500 млн теңгеден аспайды, ал сауда қызметі саласында 100 млн теңгеден аспайды. Субсидиялау мерзімі кредит мерзімінен аспайды.»;

49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«49. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 15 %-тен аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 %-ін жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет cубсидиялайды.

Даму банкінің қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 15 %-тен аспайтын қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады, оның
5 %-ін мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.

Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау субсидиялау мерзімі шектелмей жүзеге асырылады, бұл ретте субсидиялау мерзімі 5 жылдан астам даму банкінің жобалары Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша субсидиялауға жіберіледі.»;

74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«74. Мына:

осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу бойынша;

осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша;

осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша жобалар шеңберінде кредиттер бойынша субсидиялау үшін тауарлар тізбесіне сәйкес инвестицияларға және айналым қаражатын (оның ішінде жаңартылатын негізде) толықтыруға банктер берген (беретін) жаңа және қолданыстағы кредиттер субсидиялауға жатады.

«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы күшіне енгеннен кейін банктер беретін кредиттер қолданыстағы кредиттер деп түсініледі.

Айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кредит сомасының 50 %-інен аспайтын айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті субсидиялауға жол беріледі.

Бұл шектеу ЕДБ мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды. Бұл ретте көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.

Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіру жобалары бойынша тетіктің шеңберінде айналым қаражатын толықтыру мақсатында банктердің өз қаражаты есебінен 100 % қаржыландыруы кезінде мынадай іріктеу өлшемшарттары белгіленеді:

өтінім беру кезінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

салық және өзге де міндетті төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу, кредиттерге, қарыздарға және лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу мақсаттарына қаржыландыруға жол берілмейді.

Басқа банктен қайта қаржыландыруға, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.

Бұл ретте ЕДБ-нің ҚДБ-мен синдикатталған кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.»;

90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«90. Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның оң шешімі бар кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнамамен жүгінеді, оған мыналар қоса беріледі:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

2) кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары, онда мыналар қамтылады:

Бағдарламаның бірінші және екінші бағыты шеңберінде жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе 180 (бір жүз сексен) млн теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша үшінші тұлғалар мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-і деңгейінде қамтамасыз етіледі);

қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап
2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ке жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);

тетік бойынша:

жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ке жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты;

жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-тен аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ке жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ке жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу шарты (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);

4) соңғы есепті кезеңге валюталық түсімнің тиісті деңгейінің болуын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда).

Кәсіпкер Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін Бағдарламаның өңірлік/жергілікті үйлестірушісіне жүгіне алады.

Кәсіпкер өтінім берген сәтте сұратылған кезең үшін салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың болуы талап етіледі.»;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты:

Бағдарлама бойынша – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі қаржы агентіне өзара жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде республикалық және жергілікті бюджет қаражатының есебінен аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенде өңдеу мен өндіру, өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қаражат аударуға арналған шарттың (бұдан әрі – шарт) негізінде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты Бағдарлама/тетік шеңберінде кепілдік беру құралына жіберуге болады. Қаржы агенттігі алынған қаражатты бөлуді өңірлердің қажеттілігіне қарай дербес жүзеге асырады. Бағдарлама/тетік шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға кепілдік беруге пайдалануға болады.

Тетік шеңберінде басым жобаларға кепілдік беру кезінде Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенде өңдеу мен өндіру, өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қаражат аударуға арналған шарт шеңберінде басым жобаларды субсидиялауға бөлінген қаражат кепілдік сомасының 20 % мөлшерінде қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударылуға жатады және шығарылған кепілдіктер үшін төлем болып табылады. Жобаны одан әрі қарау және қаржыландыру Бағдарламада көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл ретте нарық жағдайларында ЕДБ кредиттері бойынша ҚДБ кепілдіктерін беруге жол беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Бұрын бекітілген «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы және «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы 2020 жылғы 26 тамызға дейін мақұлдаған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда әрекет етеді.»;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33. Кепілдік беру банк кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күні 5 (бес) проценттік тармаққа ұлғайтылған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын банктің және жылдық сыйақы мөлшерлемесі
15 %-тен аспайтын даму банкінің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.»;

34-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) жоба шеңберінде 100 % мөлшеріндегі кредит Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы бойынша жылдық 8 %-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға бағытталған. Бұл жағдайда берілетін кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.»;

44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Мыналар:

осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу бойынша;

осы Кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер бойынша;

осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша жобалар шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беруге арналған тауарлар тізбесіне сәйкес банктер (даму банкін қоспағанда) инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) беретін кредиттер кепілдік беруге жатады.

45. Өңдеу өнеркәсібі шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі, ол бойынша айналым қаражатының мөлшері жоба сомасының 50 %-інен аспауға тиіс. Егер осы кредиттің мөлшері жобаның жалпы кредиттелетін сомасының 50 %-інен аспаса, 100 % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі.

Банктердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіру жобаларын қаржыландыру шеңберінде кепілдік беру 100 %-ті қоса алғандағы мөлшердегі айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда) жүзеге асырылуы мүмкін.

Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіру жобалары бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатында банктердің өз қаражаты есебінен 100 % қаржыландыру кезінде тетік шеңберінде іріктеудің мынадай өлшемшарттары белгіленеді:

өтінім беру сәтінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

салық және өзге де міндетті төлемдер, кредиттерге, қарыздар мен лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатында қаржыландыруға жол берілмейді.

Басқа банктен қайта қаржыландыруға, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.»;

50-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) банк 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды және кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;»;

52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«52. Кәсіпкер кредит алу үшін банкке өтінішпен жүгінеді.

Банк 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жобаны қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.»;

«Тетік шеңберінде кепілдіктер беру тәртібі» деген 7-тарауда:

66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«66. Кәсіпкер тетік шеңберінде кредит алу үшін банкке өтінішпен жүгінеді.

Банк 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жобаны қаржы агенттігінің ішінара кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің уәкілетті органының қарауына шығарады.

Банк өзінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес қаржы агенттігіне құжаттарды ұсынады.

Кәсіпкер өтінім берген сәтте сұралған кезең үшін салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың болуы талап етіледі.»;

68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«68. Қаржы агенттігі құжаттарды қарағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы шешім қабылдайды.

Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда және/немесе қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған кезде қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін банкке анықталған ескертулерді/қосымша құжаттарға сұрау салуды жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидасында:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:

1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) млн теңгеден кем болмауға тиіс;

2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 (елу) млн теңгеден кем болмайды, бұл ретте Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жобалар үшін инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) барынша көп сомасы 1 (бір) млрд теңгеден аспауға тиіс.

Ескертпе. 12-тармақтың 2) тармақшасы «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген жобаларға қолданылмайды.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              А. Мамин

 

1-қосымша

2-қосымша

3-қосымша

4-қосымша

5-қосымша

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу