Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 01 тамыздағы № 570 Қаулысы

«Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті, алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 634 қаулысына өзгеріс енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.    «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті, алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2015 жылғы 10 тамыздағы № 634 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 44, 339-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;».
2.    Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.


Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                                                       А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу