Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 01 шілдедегі №753  Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік
    және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі
    бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

  2. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық
    жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
    15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

  3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
    (келісім бойынша):

  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың қайтарылуын жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығы
    объектілерінсату есебінен қамтамасыз етсін;

  5. Жартыжылдық және жылдың қорытындылары бойынша Жоспардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Экономика және
    бюджеттік жоспарлау министрлігіне 30 шілдеден және 30 қаңтардан
    кешіктірмей жіберсін.

  6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жартыжылдық және жылдың қорытындылары бойынша
    Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан
    Республикасының Үкіметіне 15 тамыздан және 15 ақпаннан кешіктірмей
    берсін.

  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және
    ресми жариялануға тиіс.

көрсетілген қаулымен бекітілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің
2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 63-1-жолмен толықтырылсын:

63-1.

Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 аумағында cауда ойын-сауық орталығының құрылысы бойынша ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ақпарат

ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы шілде

талап етілмейді

«     

                                                   ».

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                    К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу